Балабақшада арақ ішкен әйелдердің видеосы тарады

1 672

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан кадрАтырауда балабақшада арақ ішкен әйелдердің видеосы тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.


Оқиға 14 ақпан күні №2 "Ақсұңқар" бөбекжай-бақшасында болған. Желі қолданушыларымен бірге ата-аналардың ашуын туғызған видеода әйелдердің бір-бірімен рюмка түйістіріп, арақ ішіп отырғандары анық көрінеді.


Атырау қаласы маңындағы Көкарна ауылындағы балабақшада орын алған жағдайға байланысты қалалық білім бөлімі тексеріс жүргізіп жатыр.


"Видеодағы әйел адамдар балабақшаның ас үйіндегі техникалық қызметкерлері болып табылады. Орын алған жағдайға байланысты тиісті түсініктемелері алынуда. Теріс әрекет көрсеткен әйел адамдар педагогтар емес", - деп түсінік берді "Ақсұңқар" бөбекжай-бақшасының әкімшілігі.


Балалар жүрген жерде арақ ішу оқиғасы балабақша басшылығы жұмыстан кеткен уақытта болған.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.