Сот орындаушы балалардың алиментін ұрлаған

1 615

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Pixabay.comАлматы облысында жеке сот орындаушысы бір жарым жыл бойы алимент жымқырған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бір жарым айда борышкердің жалақысынан сот орындаушысының арнайы шотына баланы асырауға деп 816 мың теңге аударылған.


Сот орындаушысы бұл ақшаны баланың анасының шотына әрі қарай аудармаған.


Бұл ретте, алимент аударушының адалдығына қарамастан, сот орындаушысы борышкердің жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұруға дейінгі барлық шектеу шараларын қабылдады.


Сот орындаушысының жоғарыда аталған заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде әкесі жұмысынан және табыс көзінен, ал баласы өзіне тиесілі алименттерден айырылды.


Облыс прокуратурасы жолдаған материалдар бойынша полиция Департаменті сот орындаушысына қатысты ҚР ҚК 251-бабы (Жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғады.


Сондай-ақ, борышкердің жүргізуші куәлігі қалпына келтіріліп, бұрынғы жұмысына қайта орналастырылды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.