1 жасар бала сырға жұтып қойған

1 501

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:  Түркістан облыстық ДСБТүркістан облысында дәрігерлер сырға жұтып қойған сәбиге шұғыл көмек көрсетті, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлердің кәсіби шеберлігі мен жедел әрекетінің арқасында бір жасар балаға төнген қауіп еңсерілді.

2026 жылғы 22 қазанда түнгі кезекшілікте аурухананың қабылдау бөліміне Мақтарал ауданынан 1 жасар сәби шұғыл түрде жеткізілді.

Анасының айтуынша, бала байқаусызда құлаққап сырға жұтып қойған. Алғашқы көмек аудандық орталық ауруханасында (ЦРБ) көрсетіліп, кеуде қуысына рентген түсірілімі жасалғаннан кейін, сәби дереу Облыстық балалар ауруханасына жіберілді.

Жедел түрде жеткізілген балаға олыстық балалар ауруханасының кезекші хирургтері дер кезінде дұрыс диагноз қойып, рентген арқылы заттың орнын нақты анықтады. Тәжірибелі дәрігерлердің жедел әрекеті және мамандардың жоғары кәсібилігі мен үйлесімді жұмысының нәтижесінде арқылы Рахманкулов Бабуржан Ирискулович эзофагоскопия жасалып, бөтен дене (сырғалар) сәтті түрде алынып тасталды. Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, - деп хабарлады Түркістан облыстық ДСБ баспасөз қызметі.  

Дәрігерлер ата-аналарға сақтық таныту керектігін ескертеді.

Кішкентай балалардың қоршаған әлемді заттарды аузына салу арқылы танитыны белгілі. Сырға, ұсақ түйме, тиын және басқа да қауіпті заттарды балалардың қолдары жетпейтін жерде сақтаңыздар. Сақ болыңыздар, - дейді мамандар. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.