Үйлері суға кеткен азаматтарға қандай баспана беріледі

1 656

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

www.podmoskowje.ruӨнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми өкілі Меруерт Ибраева су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың тұрғын үйі қалай қалпына келтірілетінін айтып берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


8 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевты қабылдап, табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға тұрғын үйді қалпына келтіру туралы тапсырма берген болатын.


"Осы тапсырма шеңберінде министрлікте жедел штаб құрылып, жаңа тұрғын үй салуды көздейтін кешенді іс-қимыл жоспары әзірленді", - деді Меруерт Ибраева ОКҚ-да өткен брифингте.


Жоспар аясында тұрғын үйлердің екі эскиздік жобасы әзірленді. Олар:


  • 80 шаршы метрлік 3 бөлмелі жеке тұрғын үй.
  • Жалпы ауданы 160 шаршы метр болатын 2 пәтерлі тұрғын үй.


"Әзірленген тұрғын үйлердің алдын ала жобалары мемлекеттік сараптамадан өтеді, бұл барлық өңірде типтік жобалық құжаттама негізінде жұмыс жүргізуді қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс келесі аптаның соңына дейін аяқталып, үлгілік жобалар мемлекеттік сараптама қорытындысымен epsd.kz сайтында көпшілікке ұсынылады", - деп түсіндірді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми өкілі.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.