Өртенген пәтерден 2 баланың мәйіті табылды

1 618

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Атырау облысы ТЖДАтырау облысында пәтер өртеніп, салдарынан 2 бала қаза тапты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, 25 сәуір күні сағат 5:37-де Индер ауданы Индербор кенті Махамбет көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінде түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде аталған мекен-жайдағы 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатында орналасқан пәтердің толықтай жанып кеткенін анықтады.


"Өрт кезінде үйдің жатын бөлмесінен 2014 және 2017 жылы туған балалардың денелері табылды. Сондай-ақ 1995 жылы туған анасы және 1994 жылы туған ер адам ес-түссіз күйде табылып, аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жедел жәрдем қызметкерлерімен жеткізілді", – делінген ТЖМ хабарламасында.


Өрт сағат 6:02-де оқшауланып, сағат 06:10-да толықтай өшірілді.


Өрттің шығу себебін анықтау мақсатында Атырау қаласынан өрт-зерттеу зертханасы жұмыс жасап жатыр.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.