Басқарма басшысын өлтірген прокурор түрмеге қамалмады
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Прокурордың бұрынғы орынбасары Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасарын өлтіргені үшін бір жарым жылға бас бостандығы шектелді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Облыстық соттың хабарлауынша, прокурордың орынбасары жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда өлімге әкеп соққаны үшін Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігімен айыпталған.
2023 жылдың желтоқсан айында аудан прокурорының бұрынғы орынбасары жәбірленуші мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасарымен жанжалдасып соңы қайғылы оқиғаға ұласқан. Төбелес кезінде марқұм ауыр дене жарақатын алған. Салдарынан жерге құлап, есін жимастан қайтыс болған.
Қазіргі уақытта сот үкімі заңды түрде күшіне енген жоқ.
Қаз
Рус






