Банк қызметкері 32 млн теңге жымқырған

1 569

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

istockphoto.comШығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 32 млн теңге жымқырған банк қызметкері сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Риддер қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, әйел адам банктердің бірінде кассалық операциялар бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген. Өткен жылдың желтоқсан айының 11-20 аралығында ол 31 900 000 теңгені жеке шотына аударып алған. Күн сайын 2,5 млн-нан 5 млн теңгеге дейін аударып отырған.


«Айыпталушының кінәсі қаражаттың жетіспеушілігі анықталған есеппен, қолма-қол ақшаны тексеру актісімен, куәгерлердің берген жауаптарымен, бейнежазбалармен және басқа да дәлелдермен расталды. Сот шешімімен сотталушы 7 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 7 жыл бойы банк қызметіне қатысты лауазымдарда жұмыс істеуге тыйым салынды», - делінген ақпаратта. 


Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.