Жұбайын ұрып өлтірген 73 жастағы зейнеткер сотталды

1 588

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: panthermedia/vostock-photoБҚО-да жұбайын ұрып өлтірген 73 жастағы зейнеткерге үкім шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы mgorod.kz сайты мәлімдеді.


Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот 73 жастағы зейнеткерге үкім шығарған. Ол әйелін өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Егде жастағы адамға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сотта мұндай мерзім оның жасына байланысты кесілгені айтылды.


Істің материалдарынан зейнеткер алдымен жұбайын пәтерінде ұрып-соғып, оны жіппен қылқындырып, содан кейін қолымен тұншықтырған. Ол марқұм әйелімен 48 жыл бірге өмір сүрген.


Сот отырысында сотталушы өзінің іс-әрекетіне өкінетінін айтқан.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.