100 мың теңгеге сәбиін сатқан: Елімізде жыл басынан бері үш сәби сатылған

1 586

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

belnaviny.byІшкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев биыл Қазақстанда сәби сатудың 3 дерегі тіркелгенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Былтыр елімізде адам сатудың 19 дерегі тіркелді. Қылмыстық істердің басым бөлігі тергелді. Сәби сату дерегі бойынша 16-17 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.


"Биыл Қазақстанда жаңа туған сәбиді сату бойынша 3 дерек тіркелді. Барлық қылмыс елімізде жасалған. Онда баланың құны 100 мың теңгеден 2 млн теңгеге дейін бағаланған", - деді Марат Қожаев Мәжілістің жалпы отырысынан соң.


Қылмыстық кодекстің 135-бабында кәмелетке толмағандар саудасына барғандарды қандай жаза күтіп тұрғаны жайлы жазылған. Кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны қанау не азғырып көндіру, тасымалдау, беру, жасыру, алу, сондай-ақ қанау мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау – мүлкі тәркіленіп, бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.