Сот орындаушысы өндірілген қаржыны өз қажеттіліктеріне жұмсаған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Жамбыл облысында жеке сот орындаушысы өз өкілеттігін теріс пайдаланған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Тараз қаласы прокуратурасы тексеру жүргізу нәтижесінде жеке сот орындаушысының мемлекет пен банк ұйымдарының пайдасына өндіруге тиіс қаражатты ұрлау фактілерін анықтады.
Атап айтқанда, сот орындаушысы 46 борышкерден өндіріп алынған соммасы 3,1 млн теңге, оның ішінде мемлекет кірісіне 635 мың теңге қаражатты жеке шотына аударып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Борышкерлерге қатысты атқарушылық материалдар түпкілікті орындалмай, берешек өтелмей қалған.
Қаз
Рус






