Биыл жылу желілерін жөндеуге қанша қаражат бөлінді?

1 540

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

inform.kz2024 жылы 163 шақырым жылу желілерін жаңғыртуға 92,5 миллиард теңге қарастырылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Биыл 163 шақырым жылу желілерін жаңғыртуға республикалық бюджеттен 92,5 миллиард теңге қарастырылған. Атап айтқанда, 109 шақырым жылу желілерін жөндеуге берілетін нысаналы трансферттер есебінен 68,6 миллиард теңге бөлінді, 54 шақырым реконструкциялауға шамамен 23,9 миллиард теңге Үкімет резервінен жіберілді.

Сондай-ақ, табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары есебінен жалпы сомасы 16,6 миллиард теңгеге 68,8 шақырым жылумен жабдықтау желісін қайта жаңарту жоспарланған.

 "Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдарға қаржыландыру жоспарына сәйкес сәуірден бастап 92,5 миллиард теңгенің 37,5 миллиард теңгесі аударылды. Бұл ретте жылумен жабдықтаудың 63 жобасының 8 жобасы бойынша жұмыс аяқталып, 51 жоба бойынша желілерді төсеу басталды, 82 шақырым жол салынды", — деп мәлімдеді Қанат Шарлапаев.


Биыл 12 тамыздан бастап Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ТКШ және әлеуметтік сала объектілерін алдағы жылыту маусымына дайындау бойынша кешенді тексеру жүргізіп жатыр.


Әкімдіктер үшін өңірдегі жүргізіліп жатқан жұмыс бойынша бақылау мерзімдері белгіленді: 

  • қыркүйектің аяғына дейін жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарын аяқтау;
  • 1 қыркүйекке дейін білім беру объектілерінің, 15 қазанға дейін - денсаулық сақтау, ТКШ және тұрғын үй қорының объектілерінің толық дайындығын қамтамасыз ету қажет.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.