Танымал медицина университетінің ректоры парамен ұсталды

1 642

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: freepik.comАнтикор М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры – оқу орнының басқарма төрағасы Әсет Қалиевтің ұсталғанын растады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде “А.М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" КеАҚ басқарма төрағасының ұсталғаны расталды", - делінген хабарламада.


Әлеуметтік желілерде Әсет Қалиевтің 12 миллион теңге пара алу фактісі бойынша ұсталғаны және бір күн бұрын оның үйінде тінту жүргізілгені туралы ақпарат тарады.


Экс-ректор бұл қызметіне 2022 жылдың 7 қыркүйегінде тағайындалған.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.