Енді қызмет бабында қаза тапқандардың отбасыларына баспана беріледі

1 572

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ki-news.ruМәжіліс тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Заңда мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери борышын өтеу кезінде, адам өмірін сақтап қалу және құқықтық тәртіпті сақтау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына тұрғын үй беру ұсынылып отыр. 


Жергілікті атқарушы органдар осы санаттағы азаматтарды қызметкер қайтыс болған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндетті болады.


"Сонымен қатар мемлекеттік қолдау шаралары аясында берілетін тұрғын үйдің жалпы көлемінің кемінде 70 пайызы 1 және 2 топтағы мүгедектерге, мүгедек балалары бар және оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері немесе бұрын «Батыр ана» атағымен, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандарға, көп балалы отбасылар мен жесірлерге беріледі. Бұл топқа Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен соларға теңестірілген басқа да әскери қимыл ардагерлері кіреді", - деді Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Ұлықбек Тұмашинов. 


Депутаттың сөзінше, бұдан бөлек халықтың әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған топтарының тізімі кеңейтіледі. «Жесірлер» санаты жеке тәуелсіз санатқа бөлінеді. Түзетулер асыраушысынан айырылғандардың мүдделерін қорғау үшін енгізіліп жатыр.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.