1,5 миллиард теңгеге: Қызылордада онкологиялық орталық құрал-жабдықтарды жалға алмақшы
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қызылорда облыстық онкологиялық диспансер 1,5 миллиард теңгеге жуық медициналық құрал-жабдықтарды жалға алуға мәжбүр болып отыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
“Тапсырыс беруші – Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының “Қызылорда облыстық онкологиялық диспансері” шаруашылық жүргізу құқығындағы” ҚМҚ.
Атауы – арнайы техниканы жалға беру бойынша қызметтер;- Қосымша сипаттама – медициналық техниканы жалға алу;
- Жоспарланған сома 1,47 млрд теңгені құрайды”, – делінген мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лоттың сипаттамасында.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 18 маусымда басталып, 25 маусымға дейін жалғасады.
Қаз
Рус






