Блогер Каспийге құйылған лас суды көрсетті

1 538

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Lada.kzАқтау тұрғыны "кәріз суы теңізге ағып жатқаны" көрінетін видео жариялады. Экология департаменті өкілдері жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.


Каспийге құйылған лас судың видеосын жергілікті кәсіпкер әрі блогер жариялады.

"Каспий теңізіне қалдықтарды құю жағынан Баку мен Махачкаламен салыстырғанда Ақтау әлдеқайда таза деп едік. Сіздер не істеп жатсыздар? Бұл жалғыз қалалық жағажай ғой", - деп жазды Азамат Сәрсенбаев.

Маңғыстау облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Армат Жүсіпқалиев жағдайға қатысты пікір білдіріп, видео ескі екенін айтты.

: 
Дәлел ретінде су таза екені көрінетін сурет жіберді. Видео қаншалық ескі екеніне, экологтар сынама алды ма деген сұраққа шенеунік жауап бермеген.


Ал Азамат Сәрсенбаев бұл кадрлар 26 маусымда таңғы сағат 7-де түсірілгенін және бір тәуліктен кейін су тазарған болуы мүмкін екенін айтты.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.