Блогер Каспийге құйылған лас суды көрсетті
Ақтау тұрғыны "кәріз суы теңізге ағып жатқаны" көрінетін видео жариялады. Экология департаменті өкілдері жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Каспийге құйылған лас судың видеосын жергілікті кәсіпкер әрі блогер жариялады.
Маңғыстау облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Армат Жүсіпқалиев жағдайға қатысты пікір білдіріп, видео ескі екенін айтты.
:
Дәлел ретінде су таза екені көрінетін сурет жіберді. Видео қаншалық ескі екеніне, экологтар сынама алды ма деген сұраққа шенеунік жауап бермеген.
Ал Азамат Сәрсенбаев бұл кадрлар 26 маусымда таңғы сағат 7-де түсірілгенін және бір тәуліктен кейін су тазарған болуы мүмкін екенін айтты.