Қызылордада мектеп формалары жәрмеңкесі ұйымдастырылады

2 756

Қызылорда қаласында 2025 жылғы 5–31 тамыз аралығында «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы аясында оқушыларға арналған мектеп формаларының жәрмеңкесі өтеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жәрмеңкеде өз өнімдерін «Ақжүрек мүгедектер қоғамы» ҚБ және «Бибі-Айша» тігін цехы ұсынады. Мектеп формалары нарық бағасынан төмен, сапалы әрі қолжетімді бағамен сатылады. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жеңілдіктер қарастырылған.

Өтетін орны: А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің жаны

Уақыты: 2025 жылғы 5– 31 тамыз аралығы

Баршаңызды жәрмеңкеге шақырамыз!

Балаларыңыздың жаңа оқу жылына дайын болуына бірге атсалысайық!

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.