Су тасқынынан зардап шеккен ерлі-зайыптының үйі өртеніп, қаза тапты
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Оралда “Пенсионер” бау-бақша серіктестігінде су тасқынынан зардап шеккен ерлі-зайыптының үйі өртеніп, екі адамның денесі табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі “Уральская Неделя” порталына сілтеме жасап.
Оқиға 3 шілдеге қараған түні болған. Өрт сөндірушілер ғимаратты бірнеше сағат сөндіруге тырысты. Алайда жалын таңертең ғана сөндірілді.
Көршілердің айтуынша көз жұмғандар – ерлі-зайыпты. Жақында бұл шаңырақтың жұбайы 30 жасқа толған.
Қаз
Рус






