Су тасқынынан зардап шеккен ерлі-зайыптының үйі өртеніп, қаза тапты

1 544

Фото: Pexels.comОралда “Пенсионер” бау-бақша серіктестігінде су тасқынынан зардап шеккен ерлі-зайыптының үйі өртеніп, екі адамның денесі табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі “Уральская Неделя” порталына сілтеме жасап.


Оқиға 3 шілдеге қараған түні болған. Өрт сөндірушілер ғимаратты бірнеше сағат сөндіруге тырысты. Алайда жалын таңертең ғана сөндірілді.


"Өрт орнында екі адамның күйген денесі табылды. Өрттің себебі анықталып жатыр", – деп хабарлады ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.


Көршілердің айтуынша көз жұмғандар – ерлі-зайыпты. Жақында бұл шаңырақтың жұбайы 30 жасқа толған.


"Олардың үйі су тасқынынан зардап шеккен. Мүлік шығынын анықтау жөніндегі комиссияны күтіп жүрген. Алайда үлгермеді”, — деді тұрғындардың бірі.