Қызылордада лифтіге қамалып қалған 7 адам құтқарылды
1 721
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қызылордада лифтіге қамалып қалған 7 адамға көмек көрсетілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 7 адам лифтіге қамалып қалды. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, арнайы құралдың көмегімен лифтің есігін ашты. Олар тұрғындарға шығуға көмектесті.
7 адамға медициналық көмек керек болмады.
Қаз
Рус






