Ет сапасын енді QR-код арқылы тексеруге болады

1 539

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

almaty.tvАуыл шаруашылығы министрлігі «Етті ветеринариялық-санитариялық сараптау» модулін әзірледі. Ол ауыл шаруашылығы жануарларын тексеріссіз союға жол бермей, алдымен ветеринариялық тексеруді және союдан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптаманы өткізіп береді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жүйе малды сою және ішкі сауда орындарында ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткеннен кейін сараптама актісін берудің бизнес-процестерін автоматтандырады. Сондай-ақ жануардың толық өмірлік циклі туралы ақпараты бар QR-кодты қалыптастырады.


"Бұл QR ет сату орындарында орналастырылады. Ол малды ветеринарлық тексерусіз және ұшалар мен ағзаларды сараптамасыз союдың алдын алуға мүмкіндік береді", - деп жазылған министрлік хабарламасында.


Министрлік мәліметінше, жоба іске қосылып, барлық облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істеп жатыр. Оған 1 664 мал сою орны, ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханалары, сауда орындары қосылған. Жүйеде 1 470-тен астам ветеринар, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасының қызметкері және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар тіркелген.


QR-код арқылы қазірдің өзінде 117 мыңнан астам ветеринариялық анықтама бланкісі мен 438 мың сараптама қорытындысы шығарылған.


Жүйе Ресеймен шекаралас Шарбақты ветеринарлық бақылау пунктінде сынақтан сәтті өткен.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.