380 млн теңге пара сұраған білім бөлімінің экс-басшысы сотталды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Жетісу облысында білім бөлімінің бұрынғы бастығы аса ірі көлемде пара алмақ болғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Іс сотта қаралды. Бұрынғы білім бөлімінің бастығы бухгалтер мен оның екі сыбайласының ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғанын анықтаған. Оларға қатысты жымқыру фактісі бойынша жеке қылмыстық іс жүргізілуде.
Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен, қылмыстық іс материалдарымен және іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен расталды.
Прокурор сотталушыны 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сотталушы өзінің кінәсін мойындамады.
Сот жаза тағайындау кезінде сотталушының жас балаларының болуын ескерген.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Қаз
Рус






