Жоғарғы сот Назарбаевты сотқа берген азаматтың арызын қараудан бас тартты

1 650

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Сергей ГунеевЖоғарғы сот астаналық Қайыргелді Смағұловтың экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты мемлекеттің пайдасына активтер мен мүліктерді өндіріп алу туралы талап-арызын қараудан бас тартты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қайыргелді Смағұлов өз талаптарында Нұрсұлтан Назарбаев президенттік қызметі кезінде адамзаттың қауіпсіздігіне қатер төндірген деген себеппен дүние-мүлкін қайтарту туралы арыз жазған болатын. Алайда «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» заңның 36-бабына сәйкес, экс-президент өз өкілеттіктерін іске асыру барысында жасаған әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылмайды, тек мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда ғана тартылады делінген.



"Арызда талапкер соттар іс жүргізу заңнамасын бұзды деген негізде сот актілерін қайта қарауды сұрайды. Өтініштің дәлелдерін зерделей келе, судья сот актілерін қайта қарауға негіз жоқ деп есептейді", – делінген жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысында.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.