Қостанай облысында жатырын алып тастаған әйел босанды

343

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қостанайда жатырын алып тастаған әйел дүниеге дені сау бала әкелді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облыстық перзентханасында ерекше жағдай болды. 7 жыл бұрын жатырын алып тастаған әйел сау бала дүниеге әкелді. Босанған әйелде ағзаның даму аномалиясы болған, яғни жатыры екі есе өскені анықталған.

"Неліктен екінші жатырды байқамады? Бұл мүмкін. Әйелге шұғыл түрде аудандардың бірінде операция жасалды. Қан кетіп, ағзасы алып тасталды. Жүкті болса, жатырдың қандай мөлшерде болатынын білесіз бе?! Ол кезде екіншісі дамымаған. Уақыт өте келе гормондарының әсерінен ағзасы дамыды", - деп түсіндірді Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасында.

Жүктілік жақсы өтіп, сәтті аяқталған.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.