Қызылордада жарылыстан зардап шеккен екі бала Алматыға жеткізілді

1 616

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

ТЖДҚызылордада газ жарылысынан зардап шеккен 4 баланың екеуі санавиациямен Алматыға жеткізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.


Жасөспірімдердің жағдайы әлі ауыр. Денелерін 75 пайызға дейін күйік шалған. Ауыр хәлдегі жасөспірімдерге енді Алматы қаласындағы балалар және шұғыл медициналық көмек орталығының білікті дәрігерлері ем-дом шараларын жүргізеді.


Жағдай тікелей Денсаулық сақтау министрінің бақылауында.


Еске салайық, 29 шілде күні кешкі сағат 8:00 шамасында әл-Фараби шағын ауданындағы жеке тұрғын үйден жарылыс шықты. Үйде болған төрт баланың жағдайы ауыр. Дәрігерлердің сөзінше, екі баланың денесі 85 пайызға күйген.



Денесін күйік шалған 13 пен 15 жас аралығындағы төрт жасөспірім қазір облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.