Ақтаудағы ұшақ апаты: 28 адам аман қалды

1 383

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Видеодан скриншотАқтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Көлік министрлігі ақпаратына сәйкес, «Баку-Грозный» бағытындағы бортта 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 Ресей Федерациясы азаматы болған.

Денсаулық сақтау министрлігі алдын ала жедел деректер бойынша 28 адам әртүрлі дәрежедегі медициналық мекемелерге жеткізілгенін мәлімдеді. 

Оларға облыстың ауруханаларында барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиға орнына 23 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмылдырылды. Бүгін Астанадан Ақтауға құрамында хирургтар, травматологтар бар мамандар бригадасымен санитариялық авиация борты ұшады, – делінген хабарламада.

Оқиға орнында барлығы ТЖД, МӨСҚ, ПД-ның 150 жеке құрамы, 45 техника жұмылдырылды.

Қазір Ақтау әуежайы ашық, қалыпты режимде жұмыс атқарып жатыр. Министрлік апатқа қатысты арнайы тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.