«Қазақтелеком» компаниясының салғырттығынан 4 жасар бала ажал құшты

1 585

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Pixabay.comАлматы облысында «Қазақтелекомға»  тиесілі сымдардың үзілуі салдарынан кішкентай бала көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kazinform сайтына сілтеме жасап.


Қайғылы оқиға Кеген ауданының Шырғанақ ауылында болған.


«Қазақтелеком» АҚ ұжымы Алматы облысы, Кеген ауданы, Шырғанақ ауылында болған қайғылы оқиғаға байланысты марқұм баланың ата-анасы мен туған туыстарына шын жүректен қайғырып көңіл айтады. «Қазақтелеком» қаза тапқан баланың отбасына материалдық көмекпен қоса, өзге де жан-жақты көмектерді көрсетуге әзір», — деп хабарлады «Қазақтелеком» АҚ компаниясы. 


Компания аталған трагедияға қатысты кінәлілер жауапқа тартылатынын алға тартып отыр. 


«Қазіргі уақытта жазатайым оқиға орнында ішкі істер органдары тергеу іс-шараларын жүргізіп, мән-жайлар мен электр беру кабелінің үзілуіне жол берген адамды анықтауда. Компания барлық мүдделі тараптармен бірге алдын ала шығарылатын қорытынды шешімді күтіп отыр», — делінген хабарламада. 



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.