Аралда «Мәдениет – жасампаз сана» атты облыстық байқау өтті
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Арал аудандық мәдениет үйінде тоқсан тамырлы тарихи мен дамылсыз даму шежіресі бар, текті ата-бабалардың құты дарыған, киелі өлке Арал өңірінде аудандық тарихи-өлкетану музейін алғаш ұсыныс жасап ашылуына себеп болған, КСРО мәдениет министрлігінің «Үздік мәдениет қызметкері», Қ. Жасекеновтың 100 жылдығына орай «Мәдениет – жасампаз сана» атты жылжымалы мәдени-демалыс кешендерінің облыстық байқауы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Шараға келушілер алдымен Құдайберген Жасекенұлының ғибратты ғұмыры мен шығармашылығынан сыр шертетін көрмені тамашалады.
Байқаудың ашылуында алғы сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Б. Жұмағұлов мәдениет майталманының өнегелі өміріне тоқталды.
Мұнан соң, өнердің туын тік ұстап жүрген аймағымыздың жылжымалы мәдени демалыс кешен ұжымдары өз өнерлерін ортаға салып, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Қаз
Рус






