Жаңаөзенде мұнай сервистік кәсіпорын өртеніп, жұмысшы тірідей жанып кетті

253

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: polisia.kzЖаңаөзен қаласында «Кезби» ЖШС мұнай сервистік кәсіпорнында өрт шығып, жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға бүгін, 15 маусымда болды. Әлеуметтік желіде жарияланған кәсіпорын қызметкерлерінің жазбасына сүйенсек, қайғылы жағдай еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы,техниканың әбден тозуы салдарынан болған. 

“Үнімізді жеткізейік деп астанаға дейін бардық, оны тыңдаған үкімет жоқ. Соңы қазамен аяқталды. Өкінішті… әріптесіміз еді...” ,- деп жазды Нұрсұлтан Нұрымұлы есімді Facebook қолданушысы.


Желіде тараған видеодан жұмысшының денесін қызыл жалын жалмап бара жатқан сәтті көруге болады. Видео авторының айтуынша, ол кәсіпорында машинист қызметін атқарған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.