Жаңаөзенде мұнай сервистік кәсіпорын өртеніп, жұмысшы тірідей жанып кетті

251

Фото: polisia.kzЖаңаөзен қаласында «Кезби» ЖШС мұнай сервистік кәсіпорнында өрт шығып, жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға бүгін, 15 маусымда болды. Әлеуметтік желіде жарияланған кәсіпорын қызметкерлерінің жазбасына сүйенсек, қайғылы жағдай еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы,техниканың әбден тозуы салдарынан болған. 

Үнімізді жеткізейік деп астанаға дейін бардық, оны тыңдаған үкімет жоқ. Соңы қазамен аяқталды. Өкінішті… әріптесіміз еді...” ,- деп жазды Нұрсұлтан Нұрымұлы есімді Facebook қолданушысы.


Желіде тараған видеодан жұмысшының денесін қызыл жалын жалмап бара жатқан сәтті көруге болады. Видео авторының айтуынша, ол кәсіпорында машинист қызметін атқарған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.