Бір-бірін шапалақпен ұрып, балағаттаған: екі қазақстандық жауапқа тартылды
Жамбыл облысында 19 жастағы қыз бен жігіт TikTok-ғы тікелей эфирде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Байзақ аудандық сотының мәліметінше, 2026 жылдың шілдесінде Байзақ ауданының тұрғындары Сарыкемер ауылындағы үйінде "донаттар" алу және аудитория тарту үшін TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде бір-біріне әдейі физикалық зиян келтіріп, бірнеше рет балағат сөздер айтқан. Құқық бұзушылар өздерінің іс-әрекеттерімен басқаларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Айыпталушылардың кінәсі хаттамалармен, әлеуметтік желідегі мониторинг материалдарымен, азаматтардың түсініктемелерімен және тікелей эфирдегі бейнежазбамен дәлелденген. 19 жастағы қыз кінәсін толығымен мойындап, төмен қаржылық жағдайына байланысты, оған қоғамдық жұмысқа тарту жазасын тағайындауды сұраған. Айыпталушы жігіт те кінәсін мойындап, өзіне айыппұл салуды сұраған. Сот қаулыларымен құқық бұзушылар кінәлі деп танылып, азаматша 30 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, ал екінші азамат 86 мың теңге көлемінде айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалған.
Қаз
Рус






