Ер адам түрмедегі досына тыйым салынған зат өткізудің "ерекше" әдісін тапқан

1 615

Фото: ІІМАбай облысында ер адам сотталған досына тыйым салынған заттар беріп жібермек болған. Осылайша ол "ерекше" әдіс ойлап тауыпты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


44 жастағы Семей қаласының тұрғыны сотталған досына аз уақытқа кездесуге келген. Тексеру тобы қызметкерлері ер адам әкелген азық-түлік өнімдерін тексеру барысында торттың ішінен телефон, нанның ішінен қуаттағыш құрылғы мен құлаққап тапқан. 


"Қазір бұл дерекке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар жиналды", - деп түсіндірді тексеру тобының аға жедел уәкілі Кенжебек Нұрсейітов.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.