TikTok-та құмар ойын ұйымдастырғаны үшін блогерлер сотталды

1 554

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

© Sputnik / Тимур БатыршинАстана соты екі қала тұрғынын TikTok желісінде құмар ойын ұйымдастырғаны үшін соттады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Прокуратураның мәліметінше, олар бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы TikTok әлеуметтік желісінде "Зарик" атты құмар ойынын өткізіп, 34 миллион теңгеден астам табыс тапқан.



"Ойынның шарты бойынша тікелей эфирге қосылған азаматтар ұтыс алу үшін аты-жөні мен жеке телефон нөмірін көрсете отырып, ұйымдастырушының есепшотына 500-ден 4000 теңгеге дейін белгіленген соманы жіберген. Бір ойын тек екі қарсылас арасында өтті. Ұтыс жеңімпазы үш ойын картасының текшелерін айналдыру арқылы анықталды", – делінген хабарламада.


Сот Астананың екі тұрғынын төрт жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.