Полицей қызметтік көлікпен есірткі тасымалдаған

1 514

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Астана әкімдігіҚылмыстық іс Қостанай облысының сотында қаралды. Ер адамға есірткі заттарын таратқан және сақтаған деген айып тағылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қостанай полициясының есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары психотроптық заттарды сатқаны үшін сотталды. Тексеру барысында оның автокөлігінен аса ірі көлемде сату үшін заңсыз сақталып, тасымалданған гашиш пен меткатинон табылып, тәркіленді.

Ол сонымен қатар, қысым көрсету арқылы жазықсыз адамдарды осы қылмысқа тартқан. Сотталушы өз кінәсін мойындамай, қорғаушыларымен бірге қылмыстың жоқтығын алға тартып, ақтауды талап етті. Алайда оның кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамалары мен бейнематериалдарымен, сараптамалық қорытындылармен және басқа да іс материалдарымен толық дәлелденді.

Сот оған өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым сала отырып, 15 жылға бас бостандығынан айырды, сондай-ақ «полиция капитаны» арнайы атағынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.