Ескі 5-10 мың теңгелік банкноттар қашанға дейін қолданыста болады?

1 230

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Stan.kzҰлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ескі 5-10 мың теңгелік банкноттар қашанға дейін қолданыста болатынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ұлттық банкте өткен баспасөз мәслихатында төрағаға "жақында жаңа 10 мың теңгелік банкнот шықты. Ескі 5 мың және 10 мың теңгелік банкноттар қашанға дейін қолданыста болады?" деген сұрақ қойылды.

Тимур Сүлейменов уайымдауға себеп жоғын айтты.

"Бәрі параллель жүргізіледі. Ескі купюраларды әкеліңіздер деген болмайды. Біз оларды арнайы алмастырмаймыз. 2 жыл ішінде олар (купюралар - еск.) бірдей қолданыста болады. Содан кейін ескі купюра толық таусылғанша қабылданады. Уайымдаудың керегі жоқ. Егер сізде ескі 5 мың теңге, 10 мың теңгелік купюра болса, олармен төлем жасай аласыз... (Уақыты келгенде - еск.) банктер оларды қабылдап, жаңасына ауыстыра алады", - деді төраға.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.