Елімізде желідегі жезөкшелікке тыйым салынады

1 232

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

dzen.ruЕлімізде 5 қыркүйекте "Адам саудасына қарсы күрес туралы" заң күшіне енді. Енді онлайн жезөкшелікпен айналысқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.


Қазақстанның қылмыстық кодексіне "жыныстық сипаттағы өзге де қызметтер" деген жаңа ұғым енгізілді. Адамдарды өзге де интимдік сипаттағы қызмет көрсетуге тартуға, осы мақсатта жеңгетайлық жасауға, үгіт-насихатқа және жарнамаға тыйым салынады.


Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға жезөкшелікпен айналысқаны үшін немесе жыныстық сипаттағы өзге де қызметтерді пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.


Қазақстан Ішкі істер министрлігі адам саудасына байланысты қылмыстар бойынша тараптар татуласқан жағдайда да ешкім қылмыстық жауаптылықтан босатылмайтынын атап өтті.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.