Оқушылар уланған асхананың 7 қызметкерінен жұқпалы аурулар анықталды

1 176

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: NUR.KZ/Владимир ТретьяковМаңғыстауда оқушылар жаппай тамақтан уланған мектеп асханасының 7 қызметкерінен жұқпалы ауру анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Еске салайық, өткен аптада Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылында №8 жалпы білім беру мектебінің 466 оқушысы тағамнан уланып қалған еді. 100-ге жуық бала ауруханада емделіп, үйлеріне шықты. Мамандар асханадағы дайын тамақ өнімдерінен, су және асхана қызметкерлерінен бактериологиялық тексеруге сынамалар алған. Нәтижесінде картоп езбесі, құс етінен әзірленген котлет және соус пен компоттан патогенді бактериялар анықталған.

Ыдыстардан ішек таяқшалары табылды. Сондай-ақ 6 адамның  стафилококк жұқтырғаны, ыдыс жуушы әрі оқушыларға ас таратқан қызметкердің дизентерия бактериясын тасымалдаушы екені белгілі болды. Бұған қоса, 4 қызметкердің медициналық құжаты жалған болып шықты. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.