ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА ҰСТАЗДАР ОТБАСЫ САЯСИ НАУҚАНҒА АТСАЛЫСТЫ

1 206

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Жалағаш ауданыТаң ауылындағы сайлау учаскесінде таңдық сайлаушылар белсенді түрде өз таңдауларын жасауда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Олардың қатарында сол елдің ақсақалы Атымтай Нәсиұлы да бар. Бір қызығы, ауыл ақсақалы саяси науқанға барлық отбасы мүшелерімен бірге келіпті. Осындай өнегелі отбасының сайлауда төбе көрсетуі де кейінгі жастарға үлгі деуге әбден болады.

«Ел ішінде өте маңызды саяси науқан болып жатқанда өз таңдауыңды жасауға асықпау, бұл азаматтық парызды орындамау деп білемін. Мен осы жасыма дейін елдегі елеулі істерден тыс қалған емеспін. Өйткені мен үшін елдің ертеңі маңызды» деген Атымтай Нәсиұлы лайықты азаматтарға сенім артуда әр адамның таңдауы шешуші рөл атқаратынын да жасырмады.  Сондай-ақ ауыл ақсақалы сайлауда дауыс жинап, ел сенімін арқалайтын азаматқа тек сәттілік тілейтінін жеткізді.

Айта кету керек, Атымтай Нәсиұлы да, өмірлік серігі Мейрамкүл Тынымбаева да өмір жолдарын білім сарп еткен ардагер ұстаздар.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.