Ауыл тұрғындарына пайызсыз несие беріледі

1 182

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comПремьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ол Ақтоғай ауданына барып, «Ауыл аманаты» жобасының қалай іске асып жатқанын білді.

Павлодарда өткен жиында Ералы Тоғжанов өңірдегі ауылдарда атаулы әлеуметтік көмек (АЭК) алушылардың саны 12-%ға төмендегенін, бұл ауыл тұрғындарының әл-ауқатының артқанын көрсететінін атап өтті. Мұнда табыс 25%-ға өскен, жұмыссыздар саны 3 мың адамға дейін азайған.

Сондай-ақ үкімет басшысының кеңесшісі енді ауылдықтарға пайызсыз несие берілетінін айтты.

Мен облыстың ірі агробизнес өкілдерімен кездестім. Олар тауарлық несиелеу жобасын бастауға дайын, Бұл – кепілсіз, пайызсыз тауарлық несие. Ол аз қамтылған ауылдықтарға беріледі. 3 компанияға жобаға қатысуға дайын. Мен жобаның басталғанын жариялаймын, - деді Ералы Тоғжанов.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.