Қызылордада жасөспірімді өлтірген оқушы сотталды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қызылорда облысында төменгі сынып оқушысын ұрып өлтірген оқушыға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Биыл 12 ақпанда Белкөл кентінде жоғары сынып оқушысының жұдырығынан тоғызыншы сыныптағы жасөспірім жантәсілім болған. Олар баланы көпқабатты тұрғын үйдің дәлізінде соққыға жығып, кейін оның денесін медициналық мекемеге жеткізген. Алайда бұл сәтте ауыр соққы алған оқушы көз жұмған. Сот сотталушыны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.
Қаз
Рус






