Жасөспірім қызды бірнеше жігіт зорлаған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында жасөспірім қызды төрт жігіт зорлаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жасөспірім қыз күдіктілердің бірімен таныс болған. 18-23 жас аралығындағы төрт жігіт қызды жұрт көзінен таса жерге апарып, зорлап, егер біреуге айтсаң өлтіреміз деп қорқытқан.
Полиция кәмелетке толмаған қызды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.
Тергеу барысын өңір полициясының басшылығы бақылайды.
Қаз
Рус






