ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың 25 қазанға арналған жұмыс кестесі

1 137

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ХҚКО«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы 25 қазан Республика күніне орай халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар жұма күні жұмыс істемейді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, 26 қазан кезекші ХҚКО мен кезекші мамандандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін жұмыс күні болып саналады. Мемлекеттік қызметтерді сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күндері 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сондай-ақ, кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтардың мекенжайларын Мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан және 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы білуге болады.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.