Құрылыс алаңынан төрт жастағы баланың денесі табылды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Көкшетауда жоғалып кеткен төрт жасар Аланның денесі мұздай суға толған шұңқырдан табылған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Мәліметке сәйкес, оқиға болған күні Алан анасымен бірге оның жұмыс орнында болған. Шамамен сағат 17:00-де бала кенеттен жоғалып кеткен. Әйел ғимараттың әр бұрышын қарап шыққанымен, ұлын таба алмаған соң көмек шақырған.
Оқиға орнына келген құтқарушылар мен еріктілер де баланың ғимарат ішіндегі бір жерге тығылып, ұйықтап қалған болуы мүмкін деп үміттенген. Алайда бейнебақылау камераларынан Аланның көшеге шығып, көршілес құрылыс алаңына қарай кеткені анықталған.
Қайғылы оқиға болған күні жас әйел жаңа жұмысына алғаш рет шыққан. Ол өндіріс орнына тазалықшы болып орналасқанымен, болашақта мамандық оқуды жоспарлаған. Аланның анасы баланы жалғыз тәрбиелеп отырған. Ұлын қалдыратын жер болмағандықтан, оны өзімен бірге жұмысқа алып келген.
Белгілі болғандай, бала қаза тапқан құрылыс алаңының қақпасы ашық тұрған. Ал оған көмек көрсете алатын ешкім болмаған.
Еріктілердің айтуынша, олар Аланның отбасын жақсы таниды және анасы туралы тек жақсы пікірде. Жалғызбасты анаға бұған дейін де материалдық көмек көрсетілген.
Аланды жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін белсенділер бүгін таңертең қаражат жинауды бастаған. Бейжай қалмаған қала тұрғындары қажетті соманы санаулы сағаттың ішінде жинап берген.
Қаз
Рус






