Арал тұзына ерекше статус берілуі мүмкін

1 332

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Александр ПавскийӘділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ведомствоның баспасөз мәслихатында өңірлерде географиялық нұсқама ретінде тіркеуге болатын өнімдер көп екенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Географиялық нұсқама дегеніміз белгілі бір географиялық аймақтан шыққан және сол орналасқан жеріне байланысты бірегей қасиеттерге немесе сапаға ие, ауылшаруашылық, азық-түлік, қолөнер мен өнеркәсіп өнімдерін анықтау үшін пайдаланылатын және табиғаты мен мәдениеті, тарихы мен шыққан жеріне тығыз байланысы бар жаңа зияткерлік меншік нысаны. Географиялық нұсқаманы тіркеу Қазақстанның әртүрлі аймақтарында өндірілетін тауарлардың ұлттық бренд ретінде дамуына, сондай-ақ олардың әлемдік нарықта танылуын, инвестициялық тартымдылығын арттыруға және туристік индустрияны дамытуға ықпал етеді», – дейді ол.

Талғат Уәли былтыр қыркүйекте Алматы апортына осындай статус берілгенін еске салды.

«Сол сияқты Қазақстанның әрбір өңірінде географиялық нұсқама ретінде тіркелу мүмкіндігі жоғары өнімдер бар. Мысалы, Қазақстандық тары, Қызылордалық «Арал тұзы», Шығыс Қазақстанның табиғи балы және басқа да өнімдер географиялық нұсқама тіркелуі мүмкін», – деді ресми өкіл.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.