Уақыт белдеуін өзгертуді ұсынған депутат кешірім сұраудан бас тартты

1 375

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:  Halyq UniҚазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін енгізуді ұсынған Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл қазақстандықтардан кешірім сұраудан бас тартты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу аяқ астынан қабылданған шешім емес. Бірнеше жыл талқылау болды. Мемлекеттік комиссия жұмыс істеді. Үкімет шешім қабылдады. Бұл бір министрдің шешімі емес. Сондықтан мұны қателік деп айтуға болмайды, - деді Еркін Әбіл Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Депутат бұл мәселеге қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Енді ештеңе айтқым келмейді. Себебі Facebook-те өз пікірімді жаздым, сұқбат бердім. Бәрін қайталағым келмейді. Мыңдаған қазақстандық Үкіметтің шешімін қолдайды. Мен белгілі бір мәселе барымен келісемін. Бұл мәселені талқылауға дайынбыз. Олар – сабақ, жұмыс уақыты. Әкімдіктерге тиісті ұсыныс жасадық. ШҚО-ның бір бөлігі UTC+5-те, қалған жарты бөлігі UTC+6-да жатыр, - деді ол.

Журналист «Сіз уақыт белдеуін өзгерту керек деп бастама көтердіңіз. Осы үшін қазақстандықтардан кешірім сұрағыңыз келмей ме?» деп сұрағын нақтылады.

Мен кінәлімін, қателік жасадым деп ойламаймын,  - деді Еркін Әбіл.




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.