Уақыт белдеуін өзгертуді ұсынған депутат кешірім сұраудан бас тартты
Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін енгізуді ұсынған Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл қазақстандықтардан кешірім сұраудан бас тартты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу аяқ астынан қабылданған шешім емес. Бірнеше жыл талқылау болды. Мемлекеттік комиссия жұмыс істеді. Үкімет шешім қабылдады. Бұл бір министрдің шешімі емес. Сондықтан мұны қателік деп айтуға болмайды, - деді Еркін Әбіл Мәжілістің жалпы отырысынан соң.
Депутат бұл мәселеге қатысты пікір білдіруден бас тартты.
Журналист «Сіз уақыт белдеуін өзгерту керек деп бастама көтердіңіз. Осы үшін қазақстандықтардан кешірім сұрағыңыз келмей ме?» деп сұрағын нақтылады.