ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА: «ӘКІМДІККЕ БАРСАҚ ҮСТІМІЗДЕН ІС ҚОЗҒАТЫП ЖІБЕРЕДІ»

844
Әлеуметтік желіде наразылығын білдірген жалғызбасты ана уақытша баспана беруін сұрап, Қызылорда облысының әкімі Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы-ның жеке қабылдауын талап етіп отыр,- деп хабарлайды  «Opennews.kz» ақпарат агенттігі. 

Бүгінде  үш баланың анасы шиттей баламен далада қалып отырғандығын айтты. Отбасылық жағдайдың тауқыметін тартқан жалғызбасты  ана баспана сұрап,  қала әкімдігінің қабылдауына да кірген. Десек те, барар жер, басар тауы қалмаған Абуова Перизат осы күнге дейін уақытша баспананы жағалап келгендігін де жеткізді. Алайда, бүгінде 


«сол уақытша баспананың жоқтығынан балаларыммен қауыша алмай отырмын.. Балаларымның бәрін әке-шешеме қалдырып, қаңғырып қара басым үй кезіп кеттім.  Үй кезегіне 2019 жылы тұрғанмын. Бұрыңғы жолдасымнан балаларыма   алимент алған емеспін. Тек осы атаулы әлеуметтік көмек пен күн көріп келеміз, төртінші перзентіме аяғым ауыр.Жағдайымды айтып,   Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Рахматуллаев  Елмұрат  Нұрмаханбетұлы –ның қабылдауына кіріп, уақытша баспана беруін сұрағанмын. Құр уәдемен шығарып салып жүргендеріне де біршама уақыт болды. Ендігіде әкімдікке келсең үстіңнен іс қозғаймыз деген сөздерді де айтқан болатын. Енді сіздерді шақыртып, уақытша үйдің кілтін алудың басқа жолы қалмады. Әкімдікке өзім барсам  істі болатындығым тағы бар»,-деді жалғызбасты ана.



Атқа мінер азаматтарымыз уақытша баспанамен қамтығанымен үйдің кілтін және де осы уақытша үйді паналап отыр деген анықтаманы  әлі күнге дейін қол жеткізе алмай отырмын, деді. «Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі»  КММ-нің  басшылығының баспана кілтін бермеуіне не себеп, осы орайда мекеме басшысы  Рысбек Абзал Рысбекұлы :

«Негізінде уақытша баспана деген жоқ. Біз тек қана тұрғын-үйді кезегіне тиесілі береміз. Ананың отбасылық жағдайын ескеріп, біздің мекеменің бақылауындағы үйлердің бірі,  Титов қыстағындағы  31-ші  үйден 3 бөлмелі пәтер уақытша тұрақтауға  берілген болатын. Ал, үйдің кілті мен келісім-шартты кез-келген өзіне қолайлы уақытта келіп, алып кетуіне болады»,-деді.

Облыс әкімі жеке қабылдап, мән жағдайымды айтсам екен деймін. Қала әкімдігінің алдына барып, жағдай айтайын десем полиция қызметкерлерін шақыртып, қамауға алады. Одан қалды үстімізге іс қозғатып жібереді, деген жалғызбасты ана көзіне еріксіз жас алды.

Қала әкімдігіне ақша сұрап барған емеспін деген ананың жан-айқайын естір құлақ болса, қанекей? Тиісті шаралар орындалып, ана мен баланың жағдайының жақсаруына аз да болса, көмек қолын созған жандар үшін де өз алғысын жеткізді.
 
Айгерім РАХЫМЖАНҚЫЗЫ