Әйел алаяқ емшіге 119 миллион теңгесін беріп алданған
Павлодарда сот алаяқтық жасады деген әйелге қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мәліметтерді іс қаралған №2 соттың баспасөз қызметі хабарлады. Сотталушы кәсіпкер әйелдің 119 миллион теңге ақшасын алаяқтық жолмен алдап алған.
Іс материалдарына сәйкес, жергілікті кәсіпкер әйел алаяқтық құрбаны болып шықты. Сотталушы оны емші екеніне сендіріп, сеанстар өткізген.
2019-2020 жылдар аралығында жәбірленуші алаяқ емшіге 119,5 миллион теңге төлегені атап өтілді. Жәбірленуші нәтижені көрмеген соң полицияға жүгінген.
Сот отырысында прокурор айыпталушыны бес жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Жәбірленушінің пайдасына 119 480 000 теңге мүліктік залал өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.