Ауыл шарушалығы еңбеккерлеріне жаңа атақ берілетін болды

1 401

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігіМемлекеттік марапаттар жүйесі 9 құрметті атақпен толықтырылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.



«Мен Жолдауда жұмысшы мамандық иелеріне, өнертапқыштар мен ғалымдарға құрметті атақ беруді ұсындым. Мемлекеттік марапаттар жүйесін 9 құрметті атақпен толықтыру жоспарланып отыр. Соның ішінде „Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері“ атағы бар. Бұл — елімізді өркендетуге өлшеусіз үлес қосқан ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне шынайы құрметтің белгісі. Қазір депутаттар тиісті заңдарға өзгеріс енгізу мәселесін қарастырып жатыр», — деді Президент.

Мемлекет басшысы келесі жыл — Жұмысшы мамандықтары жылы екендігіне назар аудартты. 

«Жыл бойы біз нағыз еңбек адамдарын жоғары деңгейде ұлықтайтын боламыз. Бұл қоғамда еңбекқорлық пен кәсібилік құндылықтарын дәріптеу жылы болмақ», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.