Балалар үйінде 11 бала жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған

1 415

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: istockphoto.comПавлодар облысындағы балалар үйінде 11 бала педофилдің құрбаны болғаны анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Асырап алған отбасында жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған қыздың оқиғасынан кейін облыстағы барлық мемлекеттік мекемелердің тәрбиеленушілері тексеріліп жатыр. 

Алғашқыда жыныстық зорлық-зомбылықтың 6 құрбаны анықталса, қазір 11 жағдай белгілі болды. Бір отбасында әр уақытта төрт баланы анасымен бірге тұратын сүйіктісі зорлаған. Болған жағдайдан кейін кәмелетке толмаған балаларды отбасыдан алып алды.

“Балаларды отбасыдан алып алғаннан кейін балаларды мұқият медициналық тексеруден  өткізу керек. Суидцид жасаған балаларды да медицина мамандарымен жұмыс істеуі керек. Майқайыңдағы 6-сынып оқитын қыз өзіне қол салмақ болған”, – дейді облыстағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова.

Полиция 8 жағдай бойынша соотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал 3 жағдайдың құрамында қылмыстың құқық бұзушылықтың бар-жоғын анықталып жатыр. 

Балалар үйінде медициналық тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Бірақ тек 10 жасқа дейінгі балалар медициналық тексеруден өтіп жатыр.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.